$ 494.87  520.65  4.91

Астана LRT-ге қатысты қылмыстық тергеу аяқталды

Перов бюджет қаражатын ұрлау арқылы мемлекетке келтірілген шығын сомасы 5,7 миллиард теңгеге бағаланғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан «Астана LRT» құрылысы кезінде ақша қаражатын ұрлауға қатысты қылмыстық тергеу аяқталды. Бұл жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, іс материалдарымен таныстыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жасырынған қылмыскерлерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Перов бюджет қаражатын ұрлау арқылы мемлекетке келтірілген шығын сомасы 5,7 миллиард теңгеге бағаланғанын атап өтті.

Сонымен қатар, басшы тергеу болжамына сәйкес, бұл іске он шақты адам қатысты, оның үшеуі іздестіруде екенін айтты.Танысу үдерісі аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс материалдары сотқа беріледі.

2018 жылдың шілде айында «Астана LRT» ЖШС бұрынғы төрағасы Талғат Арданды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен халықаралық іздестіру жарияланды. Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері оған қатысты қылмыстық іс ашты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана LRT