01.02.2020, 15:45

Тоқаев қауіпті вирусты тоқтату жөнінде Си Цзиньпинге хат жолдады

Фото: Sputniknews.kz
Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді.

Соңғы кездері әлемді дүрліктіріп отырған короновирус көптеген елдің зәре-құтын қашыруда. Түп-тамыры Қытайдан шығып, көптеген мемлекеттерге тарап жатқан қауіпті вирустың жылдам таралуы Қасым-Жомарт Тоқаевты да бейжай қалдырмады. Президент осы індетке байланысты Қытай мемлекетінің басшысына ресми хат жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді.  

Сондай-ақ, Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылдап жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.