Атыраулықтар Өзбекстан азаматын босату үшін оның отандастарынан 500 мың теңге талап етті, деп хабарлайды «Мой город»-қа сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қылмыс өткен жылдың сәуір айында болған.
Үш азамат Өзбекстан азаматын ұрлап, ұрып-соғып, далаға апарған, оған қоса оның «Лада Ларгус» көлігін де алып кеткен. Кейіннен олар оның отандасынан 500 мың теңге талап еткен. Екі тарап 300 мың теңгеге тоқтаған. Жәбірленушінің досы дереу оларға 20 мың теңге береді, ал қылмыскерлер қалған соманы екі күннің ішінде жинап алу керектігін тапсырған. Әйтпесе, олар көлікті бөлшектеп сатуға кірісетінін ескертті.
Қылмыскерлер 17 сәуірде қамауға алынды. Полицейлер дереу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Атырау облысы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың барлығы кінәлі деп танылып, 3 жылдан 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың бірі 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.