Тәжікстандағы екінші ірі қаланың билік өкілдері елдегі ең ірі мешіттің бірін кинотеатрға айналдырды, деп жазады Bugin.kz.
Соғды облысындағы Худжанд қаласындағы Нури Ислом мешіті Тәжікстанда соңғы 3 жылда "талапқа сай емес" деген желеумен жойылған діни орталықтардың бірі. Соңғы үш жылда Тәжікстан билігі мешіттерден мейрамхана, тоқыма зауытын және балабақшалар жасаған. 5 мың адам сиятын Нури Ислом мешітінен кинотеатр жасауды жөн деп тауыпты.
Соғды облысының мәдениет департаментінің басшысы Бахтиер Косимов "кинотеатр жетіспегендіктен осындай қадамға бардық" деп жауап берді.