$ 448.15  483.46  4.86

Президент халық жазушысы Мұхтар Мағауинді 80 жас мерейтойымен құттықтады

Әйгілі «Аласапыран» романы бүгінде әдебиетіміз бен тарихымыздың қымбат қазынасына айналды.
Фото: magauin.com
Фото: magauin.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, қабырғалы қаламгер Мұхтар Мағауинді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін арнап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы  жеделхатында жазушының әдебиет пен ғылымдағы еңбегін ерекше атап өткен. 

 «Сіз көрнекті жазушы әрі зерделі зерттеуші ретінде төл әдебиетіміздің дамуына зор үлес қостыңыз. Қаламыңыздан туған әр шығармаңызда ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапты. Хандық дәуірдегі ақын-жырауларымыздың мол мұрасын жаңғыртқан «Қобыз сарыны» атты ғылыми еңбегіңіз сөз өнерінің тұғырын одан әрі биіктете түсті. Әйгілі «Аласапыран» романы бүгінде әдебиетіміз бен тарихымыздың қымбат қазынасына айналды. Тартымды туындыларыңыз арқылы қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келесіз», – деп Қ.Тоқаев жазушының шығармашылығына оң бағасын берді.

Мұнан бөлек, қаламгердің ұлтты ұйыстыру және тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы еселі еңбегінің өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге екендігін айта келіп,  оған шығармашылық табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары