$ 504.34  556.34  5.97

Қытайда өмір бойына сотталған А.Тұрлыбаеваны Қазақстанға қайтарылуы қиын

Қытай абақтысына қамалған 7 қазақстандық ақпан айының басында елге қайтарылатын болды. Ал, есірткі саудасымен айналысты деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айрылған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтармауы мүмкін. Бұл туралы "Новости Казахстан" агенттігі хабарлады.

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоганн Меркельдің сөзінше, жетеудің біреуі кісі өлтірсе, қалғандары есірткі тасымалы үшін Қытайда істі болған. Оның сөзінше қазір ҚХР-де 24 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. 

Ал, Ақжарқын жазасын елде өтеуі үшін Қытай прокуратурасына өзі арыздануы тиіс екен. Көршілес елдің заң органдарымен тығыз жұмыс істеп жатқандарын айтқан И.Меркелдің сөзінше, екі елдің арасында сотталғандарды қайтаруда еш қиындық жоқ. А.Тұрлыбай арыз жазып, Қытай билігі тарапы келісім беріп жатса, ол дереу елге қайтарылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары