Бұған дейін ауыр дертке шалдыққаны белгілі болған қазақстандық спортшы Вилен Прокофьев бақилық болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Снежные барсы" хоккей клубының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Өмірден ерте кеткен спортшы "Снежные барсы" хоккей клубының қақпашысы болған.
18 жастағы ойыншы, Вилен Прокофьевтің қатерлі ісік – Юинг саркомасына шалдыққаны анықталған еді. Еміне өте көп қаражат қажет болған. Сондықтан ,"Барыс" хоккей клубының мүшелері қараша айында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, әрістестеріне қаражат жинады.
"Виленнің туған-туыстарына, достарына, оны жақын таныған адамдарға көңіл айтамыз. Қиын сәтте оған қолдау білдіргендерге алғыс білдіреміз", - деп жазды "Барыс" хоккей клубы.