$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус жұқтырған әйел өмірге дені сау сәби әкелді

Күн өткен сайын науқастың жағдайы нашарлай бастаған соң, дәрігерлер кесар тілігін жасауды жөн санапты.
Фото: vedomosti.ru
Фото: vedomosti.ru

Қытайдағы Харбин қаласының короновирус жұқтырған тұрғыны өмірге дені сау қыз бала әкелді. Бұл туралы "Сина" порталы хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, әйел жүктіліктің 38-ші аптасында жүрген. Күн өткен сайын науқастың жағдайы нашарлай бастаған соң, дәрігерлер кесар тілігін жасауды жөн санапты.

Ота сәтті жасалып, әйел салмағы 3,3 келі қыз баланы өмірге әкелген. Дәрігерлердің айтуынша нәрестенің денсаулығы жақсы. Ана мен бала бөлек палатаға жатқызылған.

Дәрігерлер нәрестенің қанынан екі рет анализ алып, короновирусқа тексерген. Алайда зертханалық тест екі ретте де жақсы нәтиже көрсеткен. Осы аралықта баланың анасы да тәуір болып, жазыла бастаған. Әзірге бала ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін Қытайда коронавирустан өлгендер саны 361 жетіп, 17 205 адам қауіпті вирусты жұқтырғанын хабаралғанбыз.

Дереккөз: Baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары