Бұдан бұрын біз Теміртау қаласында саябаққа ұқсайтын жерде бір жігіттің қызды қарға құлатып, ұрып-соғып, сөмкесін тартып алмақ болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Абырой болғанда қыз өзіне шабуылдаған жігітке қарсыласып, аяққа тұрып, сөмкесін қайтарып алып, қашып құтылған болатын. Сол қызға шабуылдаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қызды соққыға жыққан адам 40 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды.
Зәбір көрген қыз осы оқиғадан кейін дереу полицияға арызданған. Теміртау полицейлері қыздың арызы бойынша жедел іс-әрекетке көшіп, күдіктіні ұстаған.
Қолға түскен азамат өз кінәсін мойындап, қызды тонап кетуге әрекет қылғанын мойындады. Оқиға 23 қаңтарда болған. Әлгі азаматтың қызды қар үстіне құлатып, сөмкесін тартып алуға әрекеттенген сәті камераға түсіп қалған.
"Полиция қызметкерлері ер адамның қызға шабуыл жасап, сөмкесін тартып алмақ болғаны түсірілген видеоны тексерді. Әлеуметтік желілерге бақылау жүргізген полицейлер 33 жастағы жәбірленушіні анықтады. Ол полицияға арыз жазып, Старогород полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің "Тонауға оқталу" бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Жүргізілген шаралар мен видеобақылау камерасындағы видеоны тексере келе полицейлер қаланың 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ісін мойындады, жәбірленуші оны таныды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.