$ 524.65  552.19  5.14

Оқушылардың хиджаб киюіне қарсы болған мектеп директоры жұмыстан қуылды

Жоғарғы сыныптағы секілді бастауыш сыныптарда да мұсылман оқушылардың қарасы көп.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Христиан дінін ұстанатын елдің бірінде хиджаб киіп келуге тыйым салынған мектептің директоры жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "ruhanidaguat" парақшасына сілтеме жасап.

Бастауыш сынып оқушыларына мектепке шариғат шәлісін жамылып келуге тыйым салған аталған білім ордасының директоры жұмысынан қуылды. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты.

Бұрындары Лондон қаласының шығысында орын тепкен әулие Стивен атындағы мектеп бастауыш сынып бойынша сабақ үлгерімі бойынша рейтингте бірінші орыннан көрінген болатын. Жоғарғы сыныптағы секілді бастауыш сыныптарда да мұсылман оқушылардың қарасы көп.

Алайда, мектеп әкімшілігінің жетекшісі Ариф Кауи ата-аналардың аталған тыйымға қатысты арыз-шағымынан кейін қызметінен кетуіне тура келген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары