$ 448.15  483.46  4.86

Генерал-майор екі айға қамалды

Бұған дейін, Қайрат Көпбаев жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікке ілінгені хабарланған.

Генерал-майор, қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментінің басшысы Қайрат Көпбаев екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"31 қаңтарда үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, 2020 жылдың 28 наурызын қосқанда", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұған дейін, Қайрат Көпбаев жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікке ілінгені хабарланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне күдікті адвокаттың қатысуымен іс жүргізу келісімі туралы өтініш берді.

"Қызмет саласы мен борышы бойынша жоғары лауазымды шенеунік кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруды, алдын алу жұмыстарын жүргізуге, өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге және жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға міндетті, жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында жоғарылауы үшін қол астындағылардан айтарлықтай мөлшерде жүйелі негізде пара алғаны үшін күдікке ілінді", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары