$ 498.34  519.72  4.85

Онлайн аударым арқылы пара алған полковник тұтқындалды (ВИДЕО)

Қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Қарамағындағы қызметкердің қызметтік дәрежесін "өсіремін" деген сылтаумен пара алған полковник ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Пара алғаны үшін күдікті болған "ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті" РММ-нің басшысын Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қорғаныс министрлігімен бірге жүргізген жұмыс нәтижесінде қолға түсірді.

Видеодан бір адамның телефон арқылы өзге біреудің шотына ақша аударып жатқандығын байқауға болады.

"Облыстың қорғаныс істері жөніндегі басшысы қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу мен оған қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталды. Қазір Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды", - делінген хабарламада. 

 Әзірге сот шешімі шыққан жоқ. Күдікті ретінде ұсталған пагондағы адамның кінәсінің деңгейі туралы шешімді сот қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары