06.02.2020, 17:40

Бюджет шығынын уайымдаған шенеуніктер таксиге отырмақ

Фото: capital.kz
Күніне 3-4 тапсырыс болады.

Бюджет шығындарын үнемдегісі келген БҚО әкімдігі қызметтік көліктің орнына такси қызметін қолданбақ. Олар қазір қызмет көрсететін мекемелермен келіссөздер жүргізіп, инвесторлар іздестіруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Уральская неделя" сайтына сілтеме жасап.

"Достар, такси бойынша аударым жасау жоспарымызда бар. Бюджет шығындарын азайту мақсатында барлық басқармалар мен ведомстволарға қарайтын ұйымдарда қалайда қызметтік көліктерден бас тарту жобасын жүзеге асыруға ниеттіміз. Осы жоспар үшін 100 көлігі бар таксопарк аша алатын инвестор іздестіру үстіндеміз. Тапсырыс беретінімізге кепілдік береміз. Күніне 3-4 тапсырыс болады. Бұдан бюджетке біраз пайда түседі", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев. 

Алпысбаевтың айтуынша, осындай шараларды қолдану арқылы бюджет шығынын 40 пайызға қысқартуға болады екен.