$ 494.87  520.65  4.91

«Салафизм – террористік ұйым емес»: ҚР ҰҚК діни ағымға әзір тыйым сала алмайтындарын жеткізді

Бүгінде қақтығыс аймақтарына баратын жерлестеріміздің арасында салафизмге бет бұрғандармен қатар, дәстүрлі дінді ұстайтындар да бар көрінеді.
фото: altyn-orda.kz
фото: altyn-orda.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков елдегі салафизм туралы айтып өтті. Соның ішінде «Салафизмге тыйым салына ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Білісбековтің айтуынша, салафизмге әзірше тыйым салу жағы қарастырылмаған.

«Салафизмге тыйым салу мәселесіне келер болсақ, біз бұған дейін оны жан-жақты зерделедік. Қоғам арасында пікірталастар да болып жатады. Дегенмен, әзірше оған тыйым салу жағы қарастырылып отырған жоқ», - деді Білісбеков, журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, салафизм – террористік ұйым емес, бұл – ой-идеология. Сонымен қатар, ол «Хизбут-Тахрир» немесе «Таблии Жамағат» ұйымдары, олардың орталығы мен құрылымдары бар екенін айтып өтті. Оларда ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіледі екен. Ал салафизм – жай ғана дінге деген көзқарас, діни ағым.

Бүгінде қақтығыс аймақтарына баратын жерлестеріміздің арасында салафизмге бет бұрғандармен қатар, дәстүрлі дінді ұстайтындар да бар көрінеді.

«Осы уақытқа дейін қақтығыс аймақтарынан қайтарылған 41 Қазақстан азаматы қылмыстық жазаға тартылды. Ешкім азаматтықтан айырылған жоқ», - дейді ҰҚК өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары