Өткен сенбіде «Тараз-Ақкөл-Үшарал» көлік жолының 34 шақырымында «КамАЗ-5511» маркалы жүк көлігімен ВАЗ-2106 автокөліктерінің соқтығысу оқиғасы орын алған, деп хабарлайды skifnews.kz.
Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолкөлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болған.
Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша апат салдарын анықтау бойынша автотехникалық және сот медициналық сараптама жұмыстары жүргізілуде.