Кирилловка ауылында қайтыс болған соғыс ардагерлерін еске алу үшін туыстарынан ақша жинау ұсынылған, деп хабарлайды zakon.kz Петропавловск.news ресурсына сілтеме жасап.
Нақтысында, соғыс ардагерлеріне арналып дайындалып жатқан естелік тақтайшадағы тізімде ата-апаларының аты жазылсын десе, туған-туыстары 3 мың теңгеден төлесін делінген.
Кейін белгілі болғандай, бұған жергілікті атқарушы биліктің қатысы жоқ болып шықты
Айыртау ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы жергілікті ЖШС-лардың бірі ескерткішті орнатуға 50 мың теңге көлемінде ақша сұрағанын айтты.
Сондай-ақ ол ардагерлерінің есімдерін тақтайшаға жазу үшін Кирилловка тұрғындарынан ақы төлеу талап етілгенін растады.
Бұл "еске алу акциясына" қатысу ерікті болып табылады. Жарналардың мөлшері әртүрлі: 3-4 мыңнан 10 мың теңгеге дейін.