$ 514.65  544.6  5.17

ҰҚК түрме бастығы мен есепшісін ұстады

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz

ҰҚК Атырау облысы колониясының басшысы мен есепшісін ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҰҚК департаментінің Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес бағыныштылардан 2019 жыл үшін сыйақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД  УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Атырау қалалық мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу») сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары