13.02.2020, 17:00

Коронавирус жаулаған круиз лайнерінде 4 қазақстандықтың бары анықталды

Карантин 19 ақпанда аяқталады.

Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 мемлекеттің 3 700 азаматы оқшауланғаны белгілі. Олардың ішінде коронавирус жұқтырған 174 жолаушы анықталып отыр. Лайнерде Қазақстан Республикасының 4 азаматы да бар. Олардың жағдайы жақсы, вирустан дін аман. Карантин 19 ақпанда аяқталады», - деді Диас Ахметшәріп.

Тегтер: коронавирус