$ 442.05  474.14  4.74

«Сіз қайтыс болғансыз!»: 15 жыл Қазақстанда құлдықта болған ресейлікті туған елінде «жерлеп тастаған»

Ол танысының ұсынысына келісіп, нағыз құлдықта болып, тіршіліктің мехнатын көріпті.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ресей азаматы Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған. Еңбек етіп құл болған ол, тек "қожайына бақилық болғаннан кейін ғана қашып кеткен", - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

 Салават Қазақстанға әскерден кейін келген. Құжаттарын жоғалтып алған кезде, оны бір танысы "ана-анамның қоластында жұмыс істейсің бе?" деп ұсыныс жасаған екен. Ол танысының ұсынысына келісіп, нағыз құлдықта болып, тіршіліктің мехнатын көріпті. Мәселен, біраз жыл бойы тек тамақ пен жатын орын үшін мал баққан.

Салаваттың Қазақстанда құжаты жоқ. Ресейде болса, оны  өлілердің санатына енгізіп қойыпты. Туған елінде Салаваттің қайтыс болу туралы кәулігі бар. 

"Маған "Келмей-ақ қойсаңыз болады, сіз қайтыс болғансыз!" деді. Менің тіпті, қайтыс болу туралы куәлігім бар. Оны елшілік арқылы беріп жіберген. Мені 2003 жылы Ресейде жерлеп тастаған", - дейді Салават. 

Салават сот арқылы тірі екенін дәлелдеген. Ал құжаттарын әлі қалпына келтіре алмай жүр. Қазір ол "жұмыс істеп, Отаныма қайтамын!" деген үміттің жетегінде жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары