Жаңалықтар 14.02.2020 сағат 14:20

Мектеп оқушысын аңдыған педофил күтпеген жағдайға тап болды (ВИДЕО)

БҚО ПД баспасөз қызметі қызға шабуыл жасалғанын растады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оралда мектеп оқушысының артынан аңдыған ер адам күтпеген жағдайға тап болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. 

Оқушы подъездге еріп кірген адамның шабуылынан өзін қорғамақ болып, айғайлай бастаған. Сол мезетте көршілер қыздың айқайлаған даусын естіп, дереу көмек көрсеткен. 

Видеодан ер адамның оқушы қызды аңдып келе жатқанын аңғаруға болады. Өзінің батыл әрекетімен жасөспірім педофилдің зорлығынан құтқарылды.

Видеоны Instagram-дағы «Жалоба Уральск» парақшасы жүктеді. Оқиға 13 ақпан күні 14:20-да №27 Жеңіс шағынауданындағы подъезде орын алған. 

БҚО ПД баспасөз қызметі қызға шабуыл жасалғанын растады. 

"Ер адам оқушы қыды зорлауға әрекеттенген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына тоғытылды. Тәртіп сақшылары шақыру түскен кезде оқиға орнына лезде жетті", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібеков.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар