14.02.2020, 21:00

Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында 2 жүк көлік жеңіл көлікті қысып тастады (ВИДЕО)

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағанды облысында тасжолда екі жүк көлігі жеңіл көлікті қысып қалып, салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы қаза тапқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жол апаты Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Foton көлігін екі жақтан келе жатқан жүк көлігі қысып қалған. Салдарынан екі адам қаза тапты - Foton жүргізушісі мен жолаушысы", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіндегілер жол апаты болған жерде 13 дана техниканың жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.