Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 66 492-ге жетті, оның 1523-і қайтыс болды, 8096 адам емделіп, ауруханадан шығарылды, делінген ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарламасынан. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан (аудандардан, орталыққа бағынатын қалалардан) пневмония жұқтырған 66 492 расталған жағдай туралы ақпарат алды, оның ішінде қазіргі уақытта 56 873 адам емделіп жатыр (11 053 адамның жағдайы ауыр), 8096 адам ауруханадан шығарылып, 1523 адам қайтыс болды", - делінген мемлекеттік комитеттің хабарламасында.
Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институты (NIAID) зертханасының сайтында АҚШ пациентінің қанынан бөлінген COVID-19 вирусының суреттері жарияланған. Олар жарық шығаратын электронды микроскоп арқылы түсірілген. Зерттеушілер SARS-CoV-2 вирусы 2002 жылы Қытайда ауыр жіті респираторлық синдромның өршуін тудырған SARS-CoV сияқты екенін айтып отыр.
Сонымен қатар, коронавирус Мысырда ауру белгілері жоқ инфекция тасымалдаушыдан табылды. Мысыр коронавирус анықталған Африкадағы алғашқы мемлекет.