$ 444.32  473.33  4.76

Кремль Қадыровтың Инстаграм парақшасын тексермек

1 ақпан күні Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров өзінің Инстаграм парақшасында Ресей оппозициясының белді мүшесі әрі экс-қаржы министрі Михаил Касьяновты снайперлік винтовканың нысанасына алған видеосын жариялап, ол қоғамда қызу пікірталас туғызды.

«Касьянов Страсбургқа Ресей оппозициясының ақшасы үшін келді. Кім түсінбесе, сол түсінеді» деген тақырыппен жарияланған 15 секундтық видеоға 15 мың адам ұнату белгісін басқан. 

Ал, РФ президентінің баспасөз-хатшысы Д.Песков аталған жайтқа түсініктеме беріп, Рамзан Ахмадұлының жеке аккаунты тексерілетінің айтты. Аталған видеоны өзінің өміріне төнген қауіп деп қабылдаған М.Касьянов енді құқық қорғау органдарына шағымданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары