Қазақстан авиация әкімшілігінің шешімімен ұшу жарамдылығы мен сертификаты тоқтатылған Bek air компаниясының қызметкерлері Елбасына сертификатты жаңарту туралы өтініш білдірді, деп хабарлады zakon.kz.
Елбасының көмегіне жүгінген Bek Air компаниясының қызметкерлері сертификатты жаңартып, ұшуға рұқсат сұраған. Компанияның лицензиясынан айырылуының салдарынан 400-ге жуық қызметкер жұмыссыз қалған.
Қазақстан авиация әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитстың шешімімен 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Бек Эйр» АҚ-ның ұшақ апатына байланысты операторлық сертификаты тоқтатылғаны туралы радиограмма жіберілген.