ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жүрсе де, елдегі интернет жағдайына алаңдап, оның жұмысын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл жайлы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», - деп жазды Берік Уәли. Естеріңізде болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан күндері Германияға іссапармен барып, Мемлекет басшысы қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панельдік сессиясында "Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме" тақырыбында сөз сөйлеген болатын.