$ 444.14  477.05  4.85

Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарына қанша қаражат бөлді?

Бірақ әкімдіктегілер редакцияның үйді қалпына келтіруге қанша қаражат жұмсалатыны туралы сұраққа жауап бермеді.

Алматының "Алғабас" ықшамауданында қисайған үйдің тұрғындарына қанша ақша берілгені белгілі болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Tengrinews.kz-тің жолдаған ресми сауалхатына берген жауабында айтылады.

Әкімдіктің мәліметінще, 2019 жылдың желтоқсанында 72 отбасыға пәтер жалдау үшін 12,452 миллион теңге берілді. Ал қаңтарда оларға тағы 12,552 миллион теңге бөлінген.

"Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша "Зерделі" ықшамауданындағы №179 тұрғын үйдің тұрғындарына өтемақы бере отырып, уақытша үш айға басқа үйге орнату туралы шешім қабылдады", - деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Жеңіс Садырханов.

Бірақ әкімдіктегілер редакцияның үйді қалпына келтіруге қанша қаражат жұмсалатыны туралы сұраққа жауап бермеді.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда алматылықтар "Алғабаста" тұрғын үйдің қисайғанын хабарлаған еді. "Көрші үймен салыстырғанда біздің үй қисайып жатыр. Тұрғындар, көршілер барлығы шағымдана бастады. Есікті жабу да қиындап кетті. Кеше ТЖ қызметкерлерін, әкімдіктегілерді шақырдық, үйді қарап кетті", - деген еді тұрғындардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары