$ 449.58  486.94  4.86

Ертең Астанада қатты жел тұрады

22 шілдеде Ақмола облысында және Елордада қатты жел тұратыны ескертіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

«22 шілдеде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетіп, өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с болады. Астанада 22 шілдеде таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің ұйтқуы 15-20 м/с-қа жетеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктердің болжамы бойынша, 22-24 шілде күндері циклонның әсерінен республиканың солтүстігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді. Таяудағы үш тәулікте циклон осы аумақта болған кезде солтүстікте күшті жаңбыр жаууы сақталады. Қазақстанның орталығы мен шығысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреген кезде жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді, ауаның темературасы әдеттегіден 4-8 градусқа төмендейді.

Ал, Республиканың батысында күн ашық болады, мұнда ауаның темературасы күндіз 27-30 градустан 28-37 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстікте және оңтүстік шығыста күн ашық болып, ыстық ауа райы сақталады, таулы жерлерде ғана 24 шілдеде жаңбыр жаууы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары