$ 498.34  519.72  4.85

Петропавлда бір мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстанда 20 мыңға жуық адам инфекция жұқтырған.
Фото: primpress.ru
Фото: primpress.ru


Петропавлда бір мектеп пен басқа білім ошақтарының бірнеше сыныбы тұмауға байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik.

№6 мектепте оқу толығымен уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек, №5, 9, 24, 26 мектептері мен "БЭСТ" гимназиясында бірнеше сынып карантинге жабылды.
 
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше тұмау жұқтырғандардың көбеюіне байланысты Петропавлдағы мектептердің бірі карантинге жабылды, оқушылар 5-7 күн сабаққа бармайды.

"Егер сыныптағы оқушылардың 20%-і немесе одан да көбі сабаққа келмесе, мектеп әкімшілігі оқу процесін жартылай немесе толығымен тоқтату туралы шешім қабылдайды. Егер барлық оқушының 30%-ы немесе одан да көбі мектепке бармаса, білім беру ұйымы директорының бұйрығымен жабылады", - деп түсіндірді білім бөлімінен.

Санитарлық дәрігерлердің сөзінше, солтүстік өңірде өткір респираторлы вирусты инфекция жұқтырғандар саны артып жатқаны байқалады. Эпидемиялық маусым басталғалы бері Солтүстік Қазақстанда 20 мыңға жуық адам инфекция жұқтырған. Ауырғандардың дені 14 жасқа дейінгі балалар.

Облыста 196 адам тұмауға шалдыққан.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары