23.02.2020, 18:05

WhatsApp арқылы қызды балағаттаған жігітке айыппұл салынды

Фото: pixabay.com
Енді ол, 13 255 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Қызды смартфондағы мессенджер арқылы балағаттап, намысына тиетін сөз жазғаны үшін Ақтау тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Дереккөзіне сүйенсек, жігіт WhatsApp мессенджерін қолданып, қыздың ар-намысына тиетін сөздер жазып жіберген. Жігіттің осы әрекетінің салдарынан соң, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында бұл іс қаралды. 

Әлгі азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынды. Енді ол, 13 255 теңге көлемінде айыппұл төлейді.  

Тегтер: айыппұл