03.02.2016, 06:37

Павлодар облысындағы көлік апатынан жеті адам жараланды

Астана-Семей бағытымен жүретін «Сетра» маркалы автобус жолдан шығып кеткен. Салдарынан жеті адам ауруханаға түскен. Бұл туралы tengrinews.kz жазады.

Көлік апаты 3 ақпан күні таңғы сағат 04.00 шамасында Қызылорда-Павлодар қаларалық жолының Екібастұз ауданының маңында болған. Автобуста болған 18 жолаушы мен 2 жүргізуші  болса, оның жетеуі жарақат алып, Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылған. Қалған жолаушылар Павлодар қаласына жеткізіліп, қазір көлік апатының салдары анықталуда.