$ 494.87  520.65  4.91

Ұшақта ұрлықпен ұсталған қытайлықтар сотталды

Қытайлық екі азамат ұшақта ұйықтап кеткен жолаушының сөмкесін ауыстырып, ішіндегі қаржыны ұрламақ болған. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап sn.kz хабарлайды.

2015 жылдың қазан айында Астанадағы әуежайдың көлік полициясына ҚХР азаматы Ху Даолиннен сөмкесі ұрланғаны туралы арыз түседі. Күдік қытайлық екі азамат Ли Бин мен Ли Инксинге түсіп, олар тұтқындалады. Тергеу барысында олардың Пекин-Астана бағытындағы рейс кезінде 3800 доллар қаражатты ұрлағаны анықталады.

Есіл аудандық соты аталған екі азаматты мүліктерін тәркілей отырып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жәбірленушіге келген шығын толығымен өндірілген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары