$ 494.87  520.65  4.91

Елордада халал өнімдер сататын дүкендер ашылады

Астананың әр ауданында халал өнімдер сататын дүкендер ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш ұсыныс «Астана - халал аумағы» дөңгелек үстелі отырысында айтылды. Кездесуге қатысушылар Астананың әр ауданында басқа тауарларға қойлатын талаптарды сақтай отырып, халал өнімдерін саудалайтын жеке орындарды ашу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, олар «Халал өнімінің маркировкасы туралы» ҚР заңын әзірлеу және Қазақстанда халал индустриясын дамыту агенттігін құруды ұсынды.

Сонымен қатар, халал өнімдерді тұтынудың маңыздылығы мен мақсаттылығы туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ал қалалық кәсіпкерлермен халал өнімдерді өндіру мәселесін талқылау жоспарланған.

«Шараға қатысушылардың пікірінше, бұл тақырып ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында аса өзекті. Көрмеге дайындық жүргізу кезінде оған көп көңіл бөлу керек. Өйткені шара аясында Астанаға дүние жүзінен келушілер көп болады», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары