$ 494.87  520.65  4.91

4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның көптеген аймақтары арқылы фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Тек Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа рауы жауын-шашынсыз болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары