28.02.2020, 09:20

«Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті» – Тоқаев

Фото: theworldnews.net/kz
Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында тапсырмалар берген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі аккаунтында пост жариялады.

"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", - деді президент Тоқаев.