$ 498.34  519.72  4.85

Биыл көшпелі шегірткені улау үшін мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді

Шегірткемен күреске 119 бірлік жерүсті бүріккіштері, 10 ұшақ, 10 аса жеңіл әуе кемесі және 9 аэрозольді генераторлар (ГАРД) жұмылдырылатын болды.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен 1 миллиард бөлінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылы шегіртке тектес зиянкестер 554 мың гектар алқапта таралуы мүмкін деп күтілуде. Шегірткеге қарсы күрес үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Аталған қаражат барлық болжамдалған алқапқа пестицидтерді және химиялық өңдеуді сатып алуға мүмкіндік береді», - делінген Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері отырысының қорытындысы бойынша таратылған хабарда.

Қос тарап 2019 жылы жүргізілген іс-шаралар, шекаралас аумақтардағы шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және аурулармен күресу іс-шаралары туралы ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, осы бағытта өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жалпы, орталық қоймада 47,5 мың литр пестицид қоры бар екен. 2020 жылы шегіртке тектес зиянкестердің үйірлі түрлеріне қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу үшін 148 арнайы техника: оның ішінде 119 жерүсті бүріккіштері, 10 ұшақ, 10 аса жеңіл әуе кемесі (АЖӘК) және 9 аэрозольді генераторлар (ГАРД) жұмылдырылатын болды.

Қазір сол шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы ұйымдастыру үшін дайындық шаралары аяқталуға жақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары