Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында ауыс-түйіс болды. Мәселен, Аружан Саин, Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай секілді азаматтар кеңес құрамынан шығарылды. Олардың орындарына белгілі адамдар келді. Осы орайда, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенім кеңесінің құрамы неліктен жаңарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін!", - деп мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізде болса, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылған болатын. Оның құрамында әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері және сарапшылар бар.