$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан экономикасы «бақытсыз» елдердің ондығына кірді

Bloomberg іскерлік агенттігі еліміздің экономикасын әлемдегі ең әлсіз он елдің қатарына қосты. Бұл туралы агенттікке сілтеме жасап sn.kz хабарлайды.

2016 жылға жасалған «Бақытсыздық индексі»(Misery Index) бойынша еліміз оныншы орынға ие болыпты. Бірінші орында – Венесуэла тұр. Индекс елдегі инфляция мен жұмыссыздық мәселесіне қарап шығарылған. Ресми Каракастың 2015 жылғы инфляция деңгейік 98 пайызға, жұмыссыздық 6,8пайызға жетіп жығылған. Ал, биылғы жылы инфляция 152, жұмыссыздың 7,7 пайызға жетуі мүмкін деп болжанып отыр. Рейтінгтің келесі сатысына Аргентина, ОАР, Грекия, Украина елдері жайғасқан. 

Керісінше «бақытты елдер» рейтінгінде бірінші орынға Швейцария шықса, қалған екінші-үшінші орынды «азия жолбарыстары» Сингапур мен Тайланд бөліскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары