04.03.2020, 09:20

Қазақстандық студенттердің шетелге шығуына тыйым салынды

Фото: pixabay.com
Одан бөлек, шетелдік оқытушылар мен студенттердің де Қазақстанға келуіне шектеу қойылған.

Енді қазақстандық студенттер уақытша шетелге шыға алмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік дерегінше, бұл шара коронавирус таралмас үшін жасалып жатыр.

«Коронавирустың таралмас үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында қазақстандық студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлық аясында шетелге уақытша шықпайды», - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Одан бөлек, шетелдік оқытушылар мен студенттердің де Қазақстанға келуіне шектеу қойылған.