$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысының әкімі әлеуметтік желіде жауап бермейтін өңір басшыларын сынға алды

Күнделікті келіп түсетін сұрақтардың 90 пайыздан астамы азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты.

Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік желімен жұмысты жандандыруды тапсырды, деп жазады Азаттық рухы.

Бұл туралы өңір басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Әкімнің айтуынша, Telegram-дағы «Атырау облысының әкімдігі» чат-каналында 16 мыңдай адам бар.

Желіде 7 ауданның чаты жұмыс істеп тұр, әрқайсысында шамамен 2-3 мың арасында адам белсенділік танытып отырады. Күнделікті келіп түсетін сұрақтардың 90 пайыздан астамы азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты.  

«Қазіргі таңда менің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жеке парақшам бар. Telegram-ды да бір уақыт өзім жеке қарап, бақылап отырамын. Әлеуметтік желі өте маңызды. Сондықтан басқарма басшылары тұрғындардың әрбір сұрағына жедел жауап берулері керек. Әлеуметтік желіге әр басқармадан бір-бір жауапты адам қойған дұрыс. Facebook-те жеке парақшасы жоқ басқарма басшылары мен аудан әкімдері жедел ашқаны абзал. Халықпен тікелей байланыс орнату өте маңызды. Жалпы әлеуметтік желідегі жұмыстарды жандандыру қажет. Бұл орайда, облыс әкімінің баспасөз хатшысымен және Өңірлік коммуникациялар қызметімен (ӨКҚ) тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырамын», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, тұрғындардың сұрағына дер кезінде жауап беретін бірқатар басқарма басшыларын атап өтті. Олардың қатарында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен денсаулық және білім басқармалары бар. Махамбет Досмұхамбетов полиция департаменті кейбір сұрақтарға апталап жауап бермейтінін де атап өтті.

«Мәселен, тұрғындар құқықбұзушылыққа, жол ережесін бұзуға және рұқсат етілмеген жерге көлік қоюға қатысты видео және суреттер жіберіп отыр. Алайда оларды тиісті департамент дер кезінде анықтай алмай жатады», – дейді аймақ басшысы.

Өңір басшысының айтуынша, желідегі сауалдарға айлап жауап бермейтіндер қатарында «РЦКУ-Атырау» ЖШС (газға қатысты), «КТЖ» АҚ Атырау филиалы, «Қазпошта» АҚ бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары