$ 447.4  477.55  4.76

«Масқара, қарғыс атсын!»: сот танымал қаламгердің өлеңін оқыған белсендіге айыппұл салды

Әкімшілік істің қозғалуына осы жайт түрткі болған. Белсендінің айтуынша, сотта отырған адамдар қол шапалақтаған, ал одан кейін тәртіп бұзуға қатысты арыз-шағым түспеген.
Фото: shkolazhizni.ru
Фото: shkolazhizni.ru

5 наурызда Орал қаласының әкімшілік соты белсенді Әлия Әбілқайырованы "ұсақ алаяқтықпен айналысты" деп танып, 9 мың теңге (шамамен 25 доллар) көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Өткен жылы желтоқсан айында апелляциялық сот шешімінен кейін (Әбілқайырова әділетсіз шешім деп бағалайды) белсенді орыс жазушысы Александр Грибоедовтың шығармасынан үзінді оқыған еді. Әкімшілік істің қозғалуына осы жайт түрткі болған. Белсендінің айтуынша, сотта отырған адамдар қол шапалақтаған, ал одан кейін тәртіп бұзуға қатысты арыз-шағым түспеген.

19 желтоқсанда облыстық сотта Әлия Әбілқайырованың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өткен еді. Азаматтық белсенді "полиция талабына бағынбау" ісі бойынша әкімшілік сот шешімімен келіспей шағым түсірген. Апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

"Сот шешімін естіп, қатты күйзелдім. Сот залынан шығып, басымдағы ақ орамалды шешіп тастадым. Жақында анам қайтыс болып, тағып жүрген едім. "Масқара" деп айқайлап, Чацкийдің монологын оқи бастадым", - деді 5 наурыз күнгі сот кезінде Әлия Әбілқайырова. Бұдан соң тағы да шығармадан үзінді оқыды.

Іс материалдарына сәйкес, Әлия Әбілқайырова "тәртіп бұзып, сот приставтарына тіл тигізген". Ал Әбілқайырова сот тәртібін бұзбағанын, приставтармен мүлде тілдеспегенін айтады.

"Билікті жақтайтын сот және құқық қорғау орган жүйесіне қарата "Масқара, қарғыс атсын!" деп айтқаным рас. Бірақ жекелеген адамдарға тіл тигізген жоқпын", - деді ол сотта.

Судья Құрмашев Әлия Әбілқайырованы кінәлі деп тауып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (13 255 теңге) айыппұл салды, бірақ отбасындағы жағдайды ескеріп айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары