$ 494.87  520.65  4.91

Атыраулық ұры құрбанын 40 рет пышақтап тастаған

Атырау облысында ұры 54 жастағы әйелді айуандықпен өлтірді деп жазады "Ақ Жайық" порталы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индер аудандық ішкі істер басқармасына әйелдің қаза тапқандығы туралы ақпарат 5 ақпан күні келіп түскен. Қылмыскер оны аудан орталығындағы өз үйінде өлтірген. Оқиға орнына келген полицейлер марқұмның денесінен 40 пышақ жарақатын анықтады. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 21 жастағы күдікті қолға түсті. Ол өз құрбанын бұрыннан білген және оның үйінен бағалы заттар ұрламақ болған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, жәбірленушінің ұлы оқиға болатын күні вахталық жұмысына кетіп қалған екен. Осыны пайдаланған күдікті марқұмның үйіне терезе арқылы кіріп, алтын мен ақшаларды іздей бастаған. Осы кезде әйел ұйқысынан оянып, ұрыны қуып жібермек болыпты. Алайда, қылмыскер қашудың орнына үй иесін асхана пышағымен бірнеше рет пышақтап тастаған.

Күдіктіні тексеру барысында айғақ зат ретінде алтын әшекйлер тәркіленді. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары