07.03.2020, 18:20

Назарбаев пен Путин телефон арқылы маңызды мәселені талқылады

Фото: Tengrinews.kz
Келіссөздер барысында «Астана процесінің» маңызды рөлі туралы айтылған болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде, Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасты. Аталған келіссөздер барысында «Астана процесінің» маңызды рөлі туралы айтылған болатын.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Әңгіме соңында тараптар биылғы Қазақстан мен Ресей саяси байланыстарының жоғары белсенділігіне басымдық берді.