Жаңалықтар 07.03.2020 сағат 20:00

Алматыдағы ұшақ апаты: зардап шеккендердің ішінде Ернар Айдардың көмекшісі ең соңғы боп ауруханадан шықты

Дәрігерлер оның керемет шыдамдығы мен ерік күшін атап өтті, бұл хирургтерге күрделі операциялар жасауға көмектескен.
Алматыдағы ұшақ апаты: зардап шеккендердің ішінде Ернар Айдардың көмекшісі ең соңғы боп ауруханадан шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Bek Air апатынан зардап шеккен соңғы жолаушы ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, 6 наурызда №4 қалалық клиникалық ауруханасынан Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының жолаушысы шығарылды.

"Бұл алматылық дәрігерлердің қарауында болған әуе лайнерінің соңғы жолаушысы", - деп хабарлады басқарма өкілі.

Дәулетті клиникаға жедел жәрдем бригадасы 2019 жылы 27 желтоқсанда жеткізген, ол стационарда 70 тәулік жатты. Пациентке сегіз хирургиялық операция жасалған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Дәулет ұзақ уақыт бойы ем алып, дәрігерлер оның аяқ-қолының функциясын қалпына келтіру үшін қажетті барлық жағдайды жасаған. Дәулет екі айдан астам уақыт төсекке таңылып жатқан. Дәрігерлер оның керемет шыдамдығы мен ерік күшін атап өтті, бұл хирургтерге күрделі операциялар жасауға көмектескен. Бүгінде №4 ҚКА дәрігерлері ота нәтижелерімен қанағаттанды. Барлық процедуралар уақытылы жасалды. Дәулеттің дәрігері - травматолог Латко Константин Георгиевич.

"Дәрігерлерге алғысымды сөзбен айтып жеткізу қиын, олар менің жақындарыма айналды. Бұл адамдар мені аяққа тұрғызды, қайта өмір сүруге мүмкіндік берді десем болады. Мен хирургтер осындай ғажайып жасауға қабілетті екенін тіпті елесткен емеспін. Барлығына көп рақмет!", - дейді Дәулет.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар