08.02.2016, 03:08

8 ақпанға арналға ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың батыс және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланып, жел 15-22 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде  бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысында тәулік бойы, күндіз Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с, күндіз жел бұрқасынмен болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.

Қазақпарат