Ресейлік атышулы файтер Расул Мирзаев Алматыда өткен АСА 105 турнирінде Арман Оспановтан нокаутпен жеңілген болатын. Сол сәтте Мирзаев ауыр жарақат алыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Арман Оспановтың (лақап аты – «Сұңқар») бірнеше соққысынан соң Расул Мирзаевтың («Қара жолбарыс») жағы екі жерден сынып кеткен. Мирзаев жекпе-жекті тоқтатқан рефериге наразылық білдіргендей болған. Алайда, дер кезінде тоқтатпаса, оның салдары бұдан да ауыр болар еді.
Видеодан марапаттау кезінде Мирзаевтың жағын қайта-қайта ұстап тұрғанын байқауға болады.