Ұлыбританияда мыңға жуық әйел шеруге шықты. Жиналғандар гендерлік теңдікті талап етіп, қоршаған ортаны қорғауға назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Хабар 24.
Белсенділердің пікірінше, табиғи апаттар кезінде ең алдымен әйелдер зардап шегеді екен.
Климаттық өзгерістер олардың денсаулығына, тамақ ішу және тұрғынжай құқығына теріс әсер етпей қоймайды. Ұлыбританияда гендерлік теңдік мәсселесі әлі де өзекті. Өткен жылы мемлекет тең құқылы әйелдердің әлемдік рейтингісінде 21-орынға тұрақтады. Біріккен Корольдікте әлі күнге дейін әйелдер саясатта аз кездеседі және еркектерге қарағанда аз ақша табады.
"Біз төтенше жағдайда өмір сүріп жатырмыз! Консьюмеризмді тоқтатып, ұшақпен ұшуды азайтуымыз қажет. Өз басым пластикті аз пайдалануға тырысамын. Өзім вегетарианмын. Әрі жаңа заттар сатып алмаймын. Қайырымдылық дүкеніне барып, секонд-хенд киімдер аламын. Бұл - менің өмірлік ұстанымым", - деп шеруге шыққан әйелдің бірі базынасын жетсізсе, енді бірі "Меніңше, әйелдерге жылына бір күнді ғана арнауға болмайды. Біз гендерлік теңдікті талап етеміз және біз нәзік жандарды әрдайым қолдап жүруіміз керек", - деп әлекке түсті.