10.03.2020, 17:40

«11-16 наурызда елде коронавирус анықталуы мүмкін» - Жандарбек Бекшин

Фото: business.kz
Науқастармен байланыста болғандарды мәжбүрлі түрде оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамдары мен математикалық модельдеріне сәйкес, алдағы 2-3 күнде Қазақстанда коронавирус анықталуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

"Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 11-16 наурызда елде коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл тек болжам, ол расталмауы да мүмкін", - деді ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастармен байланыста болғандарды мәжбүрлі түрде оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанынан 4 наурызына дейін Қазақстанға мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам келді, оның ішінде, ЕАЭО елдерінен 992,623 адам. 6 қаңтардан 5 наурызға дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы 33124 адам келді.  

Тегтер: коронавирус