12.03.2020, 09:20

«Ол зарлай береді, мұрнын шүйіреді»: Головкиннің экс-қарсыласы 27 нокауты бар чемпионды жекпе-жекке шақырды

Фото: XSPORT.ua
50 пайыз ғана дайындықпен жеңу қиын.

Әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Келл Брук (39-2, 27 КО) жартылай орта салмақта WBO титулына ие және P4P рейтингтеріндегі көшбасшылардың бірі Теренс Кроуфордпен (36-0, 27 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кроуфордтың қиындығы неде екенін білесіздер ме? Ол зарлай береді, қарсылас жоқ дейді, одан кейін мұрнын шүйіреді. Лайықты қарсылас керек пе? Міне тұрмын. 

Солардың жерінде кіммен болса да айқасуға дайынмын: Мэнни Пакьяо, Кит Турман, Джермелл Чарло. Олар менің деңгейімде. Өйткені мен Спенспен, Головкинмен жұдырықтастым. ТОП боксшылар қатарында екенімді дәлелдедім. 100 пайызға дайын болмадым. 50 пайыз ғана дайындықпен жеңу қиын. Толық дайындықпен қандай болатынымды елестетіп көріңіздер!

Эррол немесе Теренспен жұдырықтаспай карьерамды аяқтай алмаймын. Өзім үшін емес, жанкүйерлер үшін", - дейді Брук.

Тегтер: жекпе-жек