ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялағанына байланысты мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деді Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Президент мұнан бөлек, "Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп пікір жазды.