Қазақстанның барлық аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, желдің күші 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.